«№49 Жалпы орта білім беретін мектебі » КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістері мен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды. Еңбек мөлшері еңбек өтіліне және біліктілік санатына қарай есептелінеді Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты мектептің «http://mektep49.edu.kz/» ресми сайтына, мектептің инстаграм «49zhobbm.official.» парақшаларынан көруге болады.Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (29 тамыз сағ.12.00-ге дейін); Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
– Информатика пәні бойынша 2 мұғалім (уақытша).