Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау басталады.
Құжаттарды қабылдау ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы www.egov.kz порталы негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:
* баланың туу туралы куәлігі;
* 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты», 065/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар;
* баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосурет.