Ақтөбе қаласы №49 ЖББОМ 2022-2023 оқу жылы бойынша Қамқоршылық кеңесінің  мектеп әкімшілігімен бірлескен отырысының

Ақтөбе қаласы №49 ЖББОМ 2022-2023 оқу жылы бойынша Қамқоршылық кеңесінің  мектеп әкімшілігімен бірлескен отырысының

Хаттамасы №1

 12.10.2022 жыл.

Отырысты өткізу нысаны: бірінші

Өткен орны: №49 ЖББОМ 

Қатысқандар:  А.А.Қожайұлы, А.А.Абжанова, М.С.Нуримова, А.Саматовна,  А.С.Дарибаева,  Г.Б.Ибрашева, А.А.Жұбаева, Б.Н.Оразымбетова.

                                Күн тәртібінде:

7.      2021-2022 оқу жылының талдауы.

                                  А.А. Абжанова

8.      2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі және жоспары.

                                                                                         А.А.Жұбаева

9.      2020-2023 оқу жылындағы « Мектепке жол» акциясы.

                                                                    Г.Б.Ибрашева

10.    Оқушылардың оқулықпен қамтылуы туралы.

                                                    А.С.Дарибаева

    Отырыс барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.А.Абжанова сөз сөйледі.

    Тыңдалды:

    Жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген қаржыға мектепке14 270 000 мың тг бөлінді. 149 ерекшелік өзге де қорларды сатып алуға ерекшелігі бойынша -1 000 000 мың тенге бөлінді.  Оның ішінде

(дезинфекциялық құралдар101888 мың тг (деохлор,антисептик,белизна),

Канцериялық бұйымдарға – 352  406 мың тг (бумага,бор,грамота,) ,

Шаруашылық бұйымдар – 321 265 мың тг (водоэмульсия, комет, ветош, мыло      хоз., жидкое мыло, стеклочиститель, набор резисторов, е-токен ключ)

Электр тауарлары – 224 441мың тг (провод, кабель, прожектор, разетка, фильтр сетевой, вилка, светельник, фотореле). 159 ерекшелік бойынша өзге де қызметтер мен жұмыстарға – 5 792 000 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде күзет қызметіне – 4 900 000 мың , 698 000тг – котелныйға ремонт жүргізілді, үнемделген -194 000тг қаржыға принтер алу қарастырылып жатыр. 414 ерекшелігі өндірістік шаруашылық құрал-саймандарды сатып алу бойынша – 7 478 000 мың тенге оның ішінде – 460 000 (ту,спорттық бұйымдар(обруч, гир), еңбек кабинетіне жоңғыш) мың теңге қарастырылды

ТОО “Альянс-Техносервис” 6 781 999,84 мың тг робототехника кабинетін және физика кабинетіне жетіспейтін приборларға (Пистолет баллистически-1шт, комплект тележек легкоподвижных-1шт, гигрометр психрометрический – 1шт, набор грузов по механике (10шт*50гр) – 15шт, лабораторный набор «Магнетизм»-15шт, лабораторный комплект по оптике-15шт –  196202.72 тг   ұтып алды. 2022 жылға “№49 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ   бойынша жалпы  371 882 100 мың қаражат бөлінді. Оның ішінде -333 655 100 Мұғалімдерге  айлық , өтемақы төлем  және салыққа бөлінген қаржы. 151 ерекшелігі бойынша коммуналдық қызметтерді төлеу жалпы сомасы – 5 859 000 мың тенге. 152-ерешелігі бойынша байланыс қызметіне -2 100 000 мың тенге, 159 ерекшелік бойынша өзге де қызметтер мен жұмыстарға – 4 119 000 мың теңге қарастырылды, 161 – іс сапар шығынына  -339 000.163 ерекшелігі бойынша жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары – 11 537 000 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде аз қамтылған балаларға – 6 884 000 мың тенге. 950 000 тг – сыртқы  лагер, 3 702 000 тг- 99 ата ана счетына аударылды 169 – ерекшелігіне – 3000тг. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген қаржыға мектепке -14270 000 мың тг . Өзге де қорларды сатып алуға ерекшелігі бойынша жалпы сомасы Оның ішінде -1 000 000 мың тенге (дезинфекциялық құралдар101888тг(деохлор,антисептик,белизна), канцериялық-352 406тг(бумага,бор,грамота,) , шаруашылық бұйымдар-321 265(водоэмульсия, комет, ветош, мыо хоз., жидкое мыло) тг электр тауарлары-224441тг (провод, кабель, прожектор, розетка, фильтр сетевой, вилка). 159 ерекшелік бойынша өзге де қызметтер мен жұмыстарға – 5 792 000 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде күзет қызметіне – 4 900 000 мың , 698 000тг – котелныйға ремонт жүргізілді, үнемделген -194 000тг қаржыға су жылытатын бойлер алу қарастырылып жат 414 ерекшелігі бойынша жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары –7 478 000 оның ішінде – 460 000тг(ту, спорттық бұйымдар (обруч, гир),еңбек кабинетіне жоңғыш) мың теңге қарастырылды.Роботехника кабинеті алуға-6 781 999,84 мың тг. “Альянс-Техносервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алды.

    Отырыс барысында күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Жұбаева сөз сөйледі.

    Тыңдалды:

    № 49  жалпы білім беретін орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылында 738 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның  333-қыз бала, 405- ер бала.

  Тәрбие жұмысы  Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрілігінің 2019 жылғы 15сәуірдегі  №145  бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік- құқықтық құжаттарын басшылыққа ала отырып   және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани-адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Мектебімізде  тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес 8 бағыт бойынша жүзеге асырылды.

1.      Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

2.      Рухани-адамгершілік тәрбие

3.      Ұлттық тәрбие

4.      Отбасы тәрбиесі

5.      Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.      Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

7.      Көпмәдениеттілік және көркем-эстетикалық тәрбие

8.      Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылына ұсынылған мерейтойлық күнтізбелік күндерге  сәйкес атаулы  мектептің жылдық тәрбие жоспарына және барлық сыныптардың тәрбие жоспарына енгізіліп аталып өтті. Қалалық ,облыстық республикалық деңгейде ұйымдастырылған Мұқағали Мақатевтың 90 жылдығына, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Қазақстан Республикасыны 30 жылдығына , Роза Бағланованың 100 жылдығына орай өткізілген іс-шараларда мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар қалалақы , облыстық деңгейде ұйымдастырылған әскери-патриоттық шараларда мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иеленіп жүр.  Семей  ядролық полигонының жабылуына 30 жыл, Д. Нұрпейісованың  туғанына 160 жыл толуына орай тәрбие сағаттары өткізілді.

Бүгінгі таңдағы мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытушы тәрбиешіге байланысты. Осы негізді басшылыққа алуда мектебіміздің тәрбие жұмысын басқарудың моделіне сүйене отырып, жұмыс жүргіземіз. «Тәрбиелеу үрдісінің субъектілерінің рухани адамгершілік құзіреттілігін белсенді әрекеттер технологиясы негізінде дамыту» өзекті тақырыбынан туындайтын міндеттерді халықтық тәлім-тәрбие мұрасымен, қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерімен, ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыруда.   Ұлттық рухы биік, адамгершілік құндылықтары негізінде ойлау қабілеті жоғары оқушыларды тәрбиелеу мақсатында жыл көлемінде әр түрлі ұйымдармен жұмыс жоспарлаймыз. Білім тәртіптен басталатындықтан, оқушылардың бірыңғай талапты , мектеп формасын, мектептің ішкі ережесін орындаулары бақыланады. Бүгінгі таңда мектебімізде оқушының алаңсыз білім алуы үшін дене тәрбиесімен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған іс-шаралар жоспары құрылған.  Оқу жылының басында Тәрбие жұмысы әртүрлі мазмұнды, түрлі формада ұйымдастырылып, оқушы бойына ұлттық салтымызды дарыта отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асуда. 

  Мектебімізде 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізіліп 1  кластар үшін «Кел,балалар оқылық!»  тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп 1 « а»  класс жетекшісі Жолаева Қ.А, 1 «ә» класс жетекшісі Салдырова А.М,  1 «б» класс жетекшісі Қабыл Ж  оқушыларға салтанатты түрде Әліппе оқулығы таратты.  2-11 кластар үшін «Тәуелсіздіктің жетістіктері » тақырыбында  тәрбие сағаттары өткізіліп оқушыларға еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктері туралы баяндалып, бейнероликтері көрсетілді. Тамыз- қыркүйек айларында мектептің әлеуметтік педагогы Ибрашева Г.Б аз қамтылған отбасы балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетті.  Мектеп мұғалімдерінен мектепішілік кезекшілік кестесі құрылып жауапкершілікпен атқаралып отырылды. Оқу жылы басында  «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып «Кибербуллинг:  балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында баяндама оқылып  күн тәртібіндегі мәселелер қаралып  мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылды.  Қыркүйек айында тілдер мерекесіне орай  «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу байқауы танымдық сағаттар өтті. «Таза мектеп»,  «Таза аула», «Менің таза сыныбым» акциялары ұйымдастырылып оқушылар еңбек тәрбиесін дамыту барысында мектеп ауласын тазалауға көмектесіп, класс кабинеттерін гүлдендіру жұмыстарымен айналысты. Әр күн сайын мектеп оқушыларының  сабаққа қатысымы, сабақтан кешігуі, мектепте өздерін ұстаулары бақылауда аланыды. Оқу жылы басында мектеп инспекторы Д.Н.Магазова аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп,  бастауыш класс оқушыларымен «Жолда жүру ережесі» туралы нұсқаулықтармен  жол  белгілермен таныстырды.  Тәрбиенің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында «Күз мереке, күз береке» тақырыбында бастауыш класс оқушылары арасында жеміс-жидектен көрме , 5-6 класс арасында қабырға газеттерін шығару ұйымдастырылды.  Қарттар күніне, Ұстаздар күніне орай мектептің өзін –өзі басқару ұйымы  мерекелік концерттер ұйымдастырып құрмет көрсетті. Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары шақыртылды. Мектеп тәлімгерлері  Әбдірова Г, Сапарова Ж жауапкершілікпен қарап көрменің жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған  «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты меткеп оқушылары арасында футбол жарысы ұйымдастырылып қорытындысында жеңімпаз командалар марапатталды.  Сонымен қатар Тәуелсіздік 30 жылдығына орай мектебімізде бірлестіктер арасында «Жұлдызды бірлестік»  атты бірлестіктер арасында байқау ұйымдастырылды. Түрлі шарттар бойынша байқауға түскен бірлестіктер ерекше өнер көрсетті. Нәтижесінде барлық бірлестіктерден алға шыққан Бастауыш класс бірлестігі «Жұлдызды бірлестік» номинациясын жеңіп алды. Барлық бірлестіктер ақшалай сыйлықпен және алғыс хатпен марапатталды. Сайыс барысында командалар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қолдан жасалған бұйымдар тарту етті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай барлық сыныптар  бойынша тәрбие сағаттары өткізіліп, гуманитарлық әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен тарихи кеш өткізілді.Мектеп қыз балалары үшін арнайы №5 қалалық поликлинкадан мамандар шақыртылып «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кеңес өткізілді. Оқушы қыз балалар кездесу барысында сұрақтарын қойып мамандардан жауаптарын алды.  Сонымен қатар  «Шылым шегудің  ағзаға зияны», «Электронды темекі адам өміріне қаншалықты қауіпті» тақырыптарында мамандар шақыртылып кездесу ұйымдастырылып және тәрбие сағаттары өтті.  Жаңа жыл мерекесі өз деңгейінді ұймдастырылып балмаскарадттар ұйымдастырылды. Оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтындай безендірілді. Бастауыш класс оқушыларын қолдарымен шырша ойыншықтарын жасап шырша безендіруге ат салысты. Ақпан айында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Мектебіміздің қызметкері Қаналы ағаймен жоғарғы класс оқушылары кездесіп әңгіме өрбітті. Ауған соғысы сәттерінен бейнеролик жасалып оқушыларға көрсетілді. Оқушылар алған әсерлерін ортаға салып, ауған соғысы ардагеріне сұрақтарын қойды. Кездесу соңында қонаққа сыйлық тарту етіліп мектебіміздің өнерлі оқушысы Арыстан Ерасылдың орындауында  «Ер ағалар» әні шырқалды. «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың негізгі белгілері және олардың алдын алу әдістері» тақырыбында  «Аңсар » орталығының маманымен кездесу өткізілді. Қаңтар оқиғасынан кейін көзқарастары өзгермеуі үшін, діни ағымдарды ажырата білу мақсатында арнайы маман шақыртылды. Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің жоспары құрылып әр айдың сәрсенбі күніне кеңес мүшелерінің отырысы белгіленді. Ақтөбе қаласы Заречный полиция бөлімімен бірлескен жоспар жасақталды.  Қазан айында 7  «б» класс оқушысы Карагулов Фархад мектеп жанындағы  «Мейрамбек » азық-түлік дүкенінен рұқсатсыз зат алып  3 ай мерзімге мектепішілік есепке алынды. Оқушының ата-анасымен, оқушының өзімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп мектеп психологтары  жоспарға сәйкес жұмыс жасады. Іштей сырттай бақылау нәтижесінде Карагулов Фархадтың мінез-құлқындағы оң өзгерістерге байланысты мектепішілік есептен шығарылды.  Мереке күндері, каникул күндері мектеп ер мұғалімдерінен құрылған кезекші топ түнгі рейд жүргізеді. Каникул күніне сәйкес оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар атқарылып мектеп инстаграм парақшасында жарияланды.  1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз!» алғыс айту жәшігі орналастырылып оқушылар сыныптастарына ,достарына, ұстаздарына алғыстарын білдіріп хат жолдады.. Мектеп өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Ұстаз аналарға , аруларға арналған мерекелік концерт жақсы деңгейде өтті.  Мектеп парламентінің отырысы өткізіліп атқарылған жұмыстар бойынша талқыланып, алдағы айлардың жұмыстары бойынша тапсырмалар берілді. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін барша ұжым, оқушылар , ата-аналармен атап өтілді. Алматы ауданы әкімдігінен , қалалық білім бөлімінен қонақтар шақыртылып қазан асылып, көже таратылды. Мектеп өнерпаздарының мерекелік концерті тамашаланды. Сонымен қатар мерекелік шараға  белгілі ақын Шынберген Сүлейменов баласы Бағланмен арнайы келіп әннен шашу шашты. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен өткен спорттық шараларда оқушылар марапатталды. Мектебімізде әкелер байқауының нәтижесі көрсетіліп мектеп директорының  Алғыс хатымен І,ІІ,ІІІ, жүлделі орындармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар қалалық әкелер байқауына қатысып қолөнер бұйымдарын жасау бойынша мектебіміздің 5 «б» сынып оқушысы Сүлейменов Абылай Бахытұлының әкесі Сүлейменов Бахит қалалық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды. Наурыз айында ұйымдастырылған  бата беру видеобайқау бойынша ата-әжелер марапатталып алғыс хаттар табысталды. Тәрбиенің жылдық жоспарына сәйкес сәуір айында «Құстар біздің досымыз» ,  «Біздің таза кабинет»  , «Таза бейсенбі» акциялары ұйымдастырылып класс жетекшілер мен оқушылар жауапкершілікпен атқарды. Атқарылған іс-шара оқушылардың еңбек қабілеттерін арттырып, қоршаған ортаға деген көзқарастарын түзеп , тазалыққа  үйретеді.

 2021-2022 оқу жылында мектебімізде «Мектептің өзін-өзі басқаруы», «Дебат қозғалысы»», «Оқуға құштар мектеп» жобалары іске асырылды.

 Өзін-өзі басқару ұйымы бойынша жылдық жоспар құрылып бекітілді. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері белсене қоғамдық жұмыстарға ат салысады. Соның бірі оқу деңгейі төмен оқушыларға  сабақтан кейінгі уақытта ата-аналарының рұқсатымен үй тапсырмасын орындауларына көмектесу, таблица кестесін жаттату, оқу жылдамдығын арттыруға көмектесу. Өзін-өзі басқарау ұйымының белсенді мүшелерін мектептегі кез-келген қоғамдық шаралардан көруге болады. Атап айтар болсақ қайырымдылық акцияларынан, сенбілік жұмыстарынан, мектептегі мерекелік іс-шаралардан белсенді топ мүшелерін көруге болады.

«Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында мектеп кітапханашысы А.С.Дарибаеваның ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көрме және тәрбие сағаттары  ұйымдастырылды. 

 «Дебат қозғалысы» жобасы бойынша мектепішілік  «Ұшқыр ой» дебат клубы құрылып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Қожалепесова Жайнагүл бекітілді. Қожалепесова Жайнагүл Қаниевна Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан  «Дебат: сындарлы диалог тұрақты даму» тақырыбында 24 сағаттық облыстық оқыту семинарынан өткен маман. Сонымен қатар  «Ұшқыр ой » дебат клубының мүшелері қалалық, облыстық дебат сайыстартына қатысып алхыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, облыстық «Болашақ және жастар» пікірталас турнирінде алғыс хатпен, «Жастар және экология» атты қалалық пікірсайыста «ТЭБО» фракциясы Кусакбаева Камила және Тұрарқызы Дария алғыс хатпен марапатталды.

      Мектепте 30 сыныпқа сынып жетекшілері тағайындалған , олардың ішінде 1 –І САНАТТЫ, 1 –ЖОҒАРЫ САНАТТЫ, 6-педагог-зерттеуші, 7- педагог –сарапшы, 11–педагог–модератор. Сынып жетекшілері жыл басында бекітілген тәрбие жоспарымен жұмыс жүргізеді.  Оқушыларды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларда жауапкершілікпен қарайтын , бала тәрбиесінде бей-жайлылық танытпайтын  класс жетекшілерді атап өтуге болады. Бастауыш класс жетекшілерін , Шаттық Саматовна,          Изенбаева Қырмызай, Асел Муканова, Ниязова Майгүл, Бураханова Жамила, Мустафинна Римма, Кенеш Нұржауған, Махмутова Жадыра, Оразымбетова Балауса, Ғабиденқызы Гүлдана. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Класс жетекшілердің қызметін ұйымдастырудағы заманауи әдістер» тақырыбында өткен семинарға 11 класс жетекші қатысып сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар Алматы қаласы, Өрлеу орталығының ұйымдастыруымен қазіргі таңдағы ең  күрделі мәселеге айналып отырған білім беру саласындағы  Буллингтің алдын алу бойынша   23 класс жетекші сертификаттар алды.

      Отырыс барысында күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогі Г.Б.Ибрашева  сөз сөйледі.

      Тыңдалды:

 «Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.

Мақсаты: әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету,әлеуметтік жағдайын анықтау арқылы сол балалардың мектепке дайындығын бақылау және материалдық,қаржылай көмек көрсету.

Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы хабарландыру беріліп,қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілуде. Мектебімізде акция бойынша  әлеуметтік желілерге хабарландырулар берілді.

2022-2023 оқу жылын ұйымдастыруда көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында және тұрақты негізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан 3776289 теңге бөлініп, 101оқушыға соның ішінде(Атаулы әлеуметтік көмек алатын 19 оқушы, аз қамтылған 75 оқушы, өзге санаттағы 5 оқушыға)  1 балаға 37389 қаржылай жеке счеттарына ақша  аударылды.Торговый дом «Айна» әкімшілігі 7 оқушыға 266000 қаржылай көмек ата аналардың жеке счетына аударды,әр балаға 38000 тенегеден бөлінді. «Керуен Сити» аз қамтылған, көп балалы оқушыларға  30 дана мектеп сөмкасын және оқу құралдарын таратып берді.

Халық Банк 10 оқушыға мектеп сөмкасы және оқу құралдарымен демеушілік көмек көрсетті.

Самұрық Қазына   1отбасыдағы 2 оқушыға мектеп сөмкасы мен оқу құралдарын табыстаты. Бұл акция жыл бойы жүргізілетіндіктен алдағы уақытта да көмек көрсетілетін болады. Жаз мезгілінде аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан 20оқушы қаламыздағы «Әсем» жазғы сауықтыру лагеріне барып демалып келді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларына ,бау бақшамыздан  терілген  қызанақ және қарбыз таратылып берілді.

Мектебіміздің демеушілік счетына көп балалы отбасы  демеушілік көрсетіп 112000 тенге аударды.

2022-2023 оқу жылында 127  оқушы ыстық тамақпен  қамтамасыз етіліп отыр

Әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетілетін болады.

     Отырыс барысында күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы А.С.Дарибаева  сөз сөйледі.

    Тыңдалды:

    Кітапхана мектептің  ІІ- қабатында абонемент пен оқу залы бірге  орналасқан. Жалпы алаңы – 39,2. Оқу залындағы орындықтар саны – 16. Кітапхана қорындағы :  оқулықтар, оқу- әдістемелік құралдар, сөздіктер-анықтамалықтар  мен  энциклопедиялар  қазақ және орыс тілдеріне  бөлініп, сынып бойынша жинақталған.

    Сонымен қатар,кітапхананың негізгі қорының жиынтық есеп кітабы, мүкәммал  кітабы (инвентарный), мүкәммал кітабына жазылуға жатпайтын басылымдардың есебі жазылған   (кітапшалар қоры- көлемі 48 параққа дейінгі басылымдар) тіркеу кітаптары бар. Мектеп кітапхана қорында 21335 дана кітап бар. Оқулықтар 21206 дана. Көркем әдебиет – 185 дана.  2021 тамыз айында 36 дана қазақ тілінде көркем әдеби кітап келді.  Бұлар -Атамұра, Мектеп, баспаларынан шыққан оқулықтар және әт түрлі баспалардан шыққан  көркем әдебиеттер мен методикалық нұсқалар.

    Кітапхана қоры кітапханалық-библиографиялық жіктеу (ББК) таблицасы бойынша, сыныптар бойынша қойылған. Кітап қорын толықтыру барысында, Ақтөбеден шығатын “Күншуақ», «Балапан» атты кішкентай оқырмандарға арналған журналдардың әр номеріне 3 данадан барлығы 12 данасы келіп тұрады .Алматы қаласынан басылып шығатын балаларға арналған  «Ойла» журналы келіп тұрады. Кітапхана қоры жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Абай даналығы электронды оқулығы және Инновациялық сөйлейтін қалам, қазақ халқының ертегілері , салт-дәстүрі, тұрмысы, мәдениеті, туралы кітаптармен толығып келеді. Ежелгі дәуір әдебиетінің анталогиясы, ұлы даланың көне сарындары. Қазақ халқының ән, би, күй өнері туралы екі томдық кітаптармен толығып отыр.Оқушылар жалпы 100 пайыз кітаппен қамтылып отырады.Кітапхана қорына әдеби кітаптар акциясы өтті.Балаларға арналған ертегілер әкелді 11 дана. Әдеби кітап 36 дана  келді.Кітапханамызда 540 оқырманымыз бар ,олардың ішінде зейнеткерлеріміз, ұстаздарымыз, кіші қызметкерлер бар кітап алып оқып тұрады. Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектебімізде көптеген шаралар өткізілді. Айта кететін болсақ, «Біз кітап оқуға құштармыз» 20 минуттық кітап оқу өткізіліп отырады.      «Ұлтымыздың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынов», «Жүрекке жол тапқан-мейірімді ана», «Рәміздер-Елдігімнің реңі,теңдігімнің тірегі»,атты көрмелер ұйымдастырылып кітапхана төрінде тұр. Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына  әдеби сазды мерекелік кеш, «Біз оқуға құштармыз!»

20 минуттық оқу әр үзіліс сайын оқушылар келіп дәстүрге айналған.

«Кітап оқи аламын!» ата-анамен бірлесіп кітап оқу және  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жылдығына  «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті.

2. Қазақ вальсінің падишасы атанған Ш.Қалдаяқовтың « Шәмші әлемі» атты әдеби сазды кеш. «Кітап оқимыз, көңілге тоқимыз!»  атты А.Құнанбаевтың өлеңдері мен қарасөздерін оқудан сайыс өткізілді.

2. «Рәміздер-Елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты көрме. «Ұлтымыздың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынов» кітап көрмесі. Қазақстан республикасына 30-жыл Тарихи танымды кеш , Сәбит Баймолдиннің туғанына 80-жыл толу орайына  обылыстық кітапханамен бірлесін кеш өтті кеш қонақтары ақынның қызы Ләйла Баймолдин және балалар ақын жазушы Ертай Ашықбаев тағыда зиялы азамат азаматшаларымыз қатысты. Алғыс айту күніне орай «Ризашылық пен алғыс»атты мерекелік шара өтті, шараға мектебіміздің зейнеткер ұстаздарымыз және ата аналарымыз қатысты. 8-наурыз аналар және қыздар мерекесі және 22-наурыз ұлыстың ұлы күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар өткізіліп жатыр. 2022-2023 жылға жұмыс дәптеріне  және қосымша оқулықтарға сұраныс берілді. Оқылған баяндамаларды ескере отырып, қамқоршылық кеңесінің төрағасы сөйледі:

     Оқылған баяндамаларды ескере отырып, қамқоршылық кеңесінің төрағасы сөйледі:   

1. – Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің болуы.

 2. – Мектеп жанындағы қосымшы білім беру мүмкіндігі , оқушылардың жан – жақты білім алу жағына жағдай туғызу мақсатында қосымша құрылыс жасау мәселесін шешу;

        – Алынған құрал-жабдықтардың орнымен пайдаланылуы;

        – Лабараториялық, практикалық, сарамандылық жұмыстардың жүргізілу жағдайын бақылау, лабаратория заттарының қолданылу жайы;

    3. – Қамқоршылық  кеңестің құрамы туралы;

        – Әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек қолын созу жолдары;

        – Пандемия кезіндегі компьютер, планшет т.б берілген нәрселер жөнінде нақты есебі;

     4. – Оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді  ұйымдастыру.  Саналы тәрбие беру. Ұлттық рухани жаңғыру, патриоттық тәрбие, өлкетану т.б. бойынша тәрбие сағаттарының ұйымдастырылу деңгейі.

    5. – Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жөнінде (анықтама);

    6. – Оқушылардың денсаулығының тексерілгендігі жөнінде қорытындысы;

    7. – Оқушылардың  өмір қауіпсіздігін алдын-ала қамтамасыз ету (жарықтандыру, ауланың және кабинеттің техникалық қауіпсіздігі т.б.);

    8.  – Оқушылардың жолда жүру ережесін сақтауы, қауіпсіздік ережесімен таныстырып қол қойғызу;

    9. – Бюджеттен тыс түскен демеушілік қаржының ретімен жұмсалу жайы;

    10. – ҰБТ-ға дайындық, «Білім сапасы, білім стандарты».

   Қамқоршылық кеңесінің мектеп әкімшілігімен бірлескен кеңейтілген отырысы аяқтала келе төмендегідей қаулы етеді:

12.    Мектеп оқушыларының бос уақыты тиімді ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғасын тапсын.

13.    Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу сапасы үнемі бақылауда ұсталсын.

14.    Оқушылардың денсаулығын тексеру уақытымен талапқа сай жүргізілсін.

15.    Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үздіксіз жалғасын тапсын, жолда жүру ережелерімен таныстырылсын.

16.    ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жоспарлы жүргізілсін.

            Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                  А.А.Қожайұлы.

            Қамқоршылық кеңесінің хатшысы:                  Б.Н.Оразымбетова.