№49 орта КММ даму жоспары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«№49 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ

Бекітемін Мектеп директоры А.А.Абжанова
«31» тамыз 2023 жыл
Мектептің педагогикалық кеңесінде талданды, мақұлданды.

«№49 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ-нің
2023-2026 жылдарға арналған
Д А М У  Ж О С П А Р Ы 

Ақтөбе

2023

КІРІСПЕ

«№49 орта мектебі КММ -нің» 2023-2026  жылдарға арналған даму жоспары  “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы , Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын  негізге ала отырып жасалған.

Құжат  мектептің жалпы орта білім беруді дамыту  бағытын айқындайды және мектептің қазіргі жағдайын талдау , талқылау негізінде жасалды.

Құжатты әзірлеу үшін негіздеме

  1. “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы  “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауы;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына Жолдауы;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің “Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу” сайлауалды бағдарламасын және “Бірге” жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауы.

«№49 жалпы орта білім беретін мектебі КММ -нің» қазіргі жағдайына жалпы сипаттама

№49 орта мектеп ұжымы 2020-2023 оқу жылында «Оқутәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық сана сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу» өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасады. Өзекті мәселені басшылыққа ала отырып, оқыту процесінде  оқушының  танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін  жүйелі қалыптастыра отырып, сапалы білім алуына жағдай жасалып, жаңа заман талабына сай  жұмыс жасалып, 3 жылдық жұмыс қорытындыланды.

       ҚР  «Білім  туралы» заңын орта білімнің мемлекеттік стандартының тұжырымдамасын, «ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, облыстық, қалалық  білім беру ісі жөніндегі басқармасының бұйрық, нұсқаулары басшылыққа  алынды.

Мақсаты:

  • Тұлғаның тәрбиесі, әлеуметтік жағдайы бойынша мектептің оқыту сапасын бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Мектептің жаңа технология бойынша оқыту жүйесін жетілдіру.
  • Оқу-әдістемелік материалдарды қазіргі заманға сай әлеуметтік-экономикалық шарттар мен оқу-тәрбиелеу үрдісінің талаптарына сәйкес жағдайға келтіру.
  • Мектептегі оқу-тәрбиелеу үрдісінің жүйесін жаңарту:жаңа идеялар ойлап табу,оқыту,тәрбиелеу мен басқарудың басқа да механизмдерін құру.
  • Оқушының жеке  тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану.
  • Мектеп  өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу.
  • Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы,гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін,  дағдысын қалыптастыру;
  • Білім беру сапасын үздік әлемдік стандарт деңгейіне көтеру;
  • Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
  • Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру     арқылы оқушылардың білім сапасының көрсетілуіне  ықпал ету.
  • Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.
  • Мұғалімдердің педагогикалық мамандығын жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру.
  • Педагогикалық жаңа, озық технологияларды оқып үйрену және тәжірибеге енгізді жүйелі жалғастыру.
  • Оқушылардың  танымдық ой-өрісін дамыту, саяси және құқықтық қатынастар жөнінде бастапқы түсінігін,  олардың адамгершілік ізгі қасиеттерін қалыптастыру мақсатында іс-тәжірибеге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде кіргізу.
  • Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
  • Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау,жинақтау,тарату.
  • Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін іс-шаралар,  үйірмелер ұйымдастыру.

І.  Оқушылар контингенті.

Метектеп 320 орынға арналғандығына қарамастан оқушылар саны жылдан жылға артып келеді.

КлКласс  комплект  Оқу жылындағы оқушылар саны
2020-20212021-20222022-20232023-20242020-20212021-20222022-20232023-2024
1-1126303233657738831873

ІІ.  Мектептің білім беру сапасы.

Мектептің соңғы үш жылдағы білім сапасының үнемі өсіп отырғандығын көруімізге болады.

Оқу жылы  Сапасы
2020-202154%
2021-202254,3%
2022-202357,78%

ІІІ.Кадрлармен қамтамасыз ету

2020-20212021-20222022-2023
2020-2021  оқу жылында -65  мұғалім. Жоғары білімді -59 Арнаулы орта -6 Жас маман -6 Жоғары санатты -3 І санатты мұғалім -11 ІІ санатты мұғалім -6 Шебер педагог-0 Зерттеуші педагог-8 Сарапшы педагог -7 Модератор -9  2021-2022  оқу жылында -69  мұғалім. Жоғары білімді -61 Арнаулы орта -8 Жас маман -1 Жоғары санатты -2 І санатты мұғалім -7 ІІ санатты мұғалім -1 Шебер педагог-1 Зерттеуші педагог-14 Сарапшы педагог -11 Модератор -16  2022-2023  оқу жылында -74  мұғалім. Жоғары білімді -69 Арнаулы орта -5 Жас маман -3 І санатты мұғалім -1 ІІ санатты мұғалім -3 Шебер педагог-1 Зерттеуші педагог-18 Сарапшы педагог -12 Модератор -16  

«№49 жалпы орта білім беретін мектебі КММ» қазігі жағдайына  Swot– талдау

Мектептің сыртқы және ішкі мүмкіндіктеріне алдау 

Күшті жақтары   Ата-аналармен бірлескен түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуы Педагог қызметкерлердің педагогикалық олимпиадаларға  , сайыстарда жүлделі орындарға ие болуы  Әлсіз тұстары   Жас мамандардың тәжірибесінің аздығыБіліктілік курстарына мұғалімдердің қатысымының аздығы              
Мүмкіндіктер   Мектептің материалдық -техникалық қорын жетілдіру Мұғалімдерің шеберлігін арттыру мекемелерімен бірлескен жұмысҚауіптер   1-4 кластарда бала санының артуы Мектеп жанындағы үйірмелердің аздығы

Мақсаты:

  • Тұлғаның тәрбиесі, әлеуметтік жағдайы бойынша мектептің оқыту сапасын бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Мектептің жаңа технология бойынша оқыту жүйесін жетілдіру.
  • Оқу-әдістемелік материалдарды қазіргі заманға сай әлеуметтік-экономикалық шарттар мен оқу-тәрбиелеу үрдісінің талаптарына сәйкес жағдайға келтіру.
  • Мектептегі оқу-тәрбиелеу үрдісінің жүйесін жаңарту:жаңа идеялар ойлап табу,оқыту,тәрбиелеу мен басқарудың басқа да механизмдерін құру.
  • Оқушының жеке  тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану.
  • Мектеп  өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу.
  • Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы,гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

Міндеттер:

  • “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру; 
  • Қазақстан Республикасы Президентінің “Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу” сайлауалды бағдарламасын және “Бірге” жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығын жүзеге асыру ;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың  2019 жылғы 2 қыркүйектегі “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру ;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы  сәйкес, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін әрі қарай жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру;
  • Білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму талабына сай жаңарту.
  • Оқытудың саралануы ман даралануына оқушылардың талабы мен қызығушылығына сәйкес бағдарланған бейімдеп оқытуды іске асыруды жалғастыру.  Оқушылардың кәсіптік бейімделуін қалыптастыру;
  • PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық зерттеуіне сай білім беру деңгейін көтеру;
  • Педагог қызметкерлердің өз біліктілігін көтеруге ынталылығын және білім деңгейін,жеке қабілетін ескере отырып үнемі әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
  • Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ құзіреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде электрондық құжат аймағында  «Білім ал», «Күнделік КZ»   білім беру порталдарымен жұмысты барынша жандандыру;
  • Кәсібилікті, педагогикалық шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогикалық мамандардың үздіксіз білім алулары бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларының сабаққа қатысуына бақылауды күшейту;
  • Құқық бұзушылық пен  басқа да жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алуда жасөспірімдермен және балалармен тәрбие жұмыстарын жаңа деңгейде жүргізуге  бағыттау;
  • Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейту, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
  • Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының  фунционалдық сауаттылығын дамытуды білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде жүзеге асыруды жалғастыру;
  • үштілді білім беруге көшу шеңберінде жекелеген пәндер бойынша дайындық жұмыстарын күшейту;
  • Мектеп бітіруші түлектердің білім сапасының білім стандартына сай орындалуын бақылау;
  • Жетім, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс деңгейі төмен отбасы балаларына білім беру мен оқытуды ұйымдастыруда оларға жан-жақты қамқорлық көрсету;

ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ҮЛГІЛІК ИНДИКАТОРЫ

Индикатролар202120222023
Педагог мамандардың беделін көтеру және олардың сапалық құрамын арттыру
Жоғары және  бірінші санатты педагогтар үлесі35%40%50%
Біліктілікті арттыру курстарын , оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша кустан өткен педагогтар үлесі100%100%100%
Жас мамандар үлесі30%30%40%
Білім беру мен оның сапасын басқару
Білім сапасы54%54,3%54,78%
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарына қатысушылар мен жеңімпаздар үлесі30%50%70%
Материалдық -техникалық базаның дамуы
Оқыту құрал -жабдықтарымен қамтамасыз етілетін оқу кабиеттері, шеберхана , зертхана үлесі100%100%100%
Кітапхана  қорының шығармашылық әдебиеттермен қамтылуы100%100%100%

ДАМУ ЖОСПАРЫҢ АЯСЫНДА МЕКТЕПТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ

ҚОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Тауар атауыҚамтамасыз ету нормасы (саны)Қамтылған (саны)Қажеттілік (саны)
1Интербелсенді тақта13130
2Компьютер1161160
3Проектор13130
4Принтер14140
5Биология кабинеті110
6Технология кабинетін жабдықтау  ( қыз балалар)  110
7Технология кабинетін жабдықтау  ( ер балалар)  110

Даму жоспары бойынша  мақсатқа жету жолдары

І. Білім беру сапасын жетілдіру

  • ҚР орта білім мазмұнын жаңғырту шеңберіндегі оқу бағдарламасын дамыту ;
  • Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету
  • Ата-аналар мен оқушылар сұранысының жоғары деңгейін қанағаттандыру;
Атқарылатын жұмыстарМақсатыОрындалу мерзіміЖауапты
1Білім сапасын жетілдіруде «Lesson Study» тәсілі арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізуОқушылардың білім деңгейін көтеру2023-2026Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нуримова С.М.
2Пән мұғалімдерінің  жаңартылған білім мазмұны  негізінде алынатын БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының құрастырылуын жетілдіруОқушылардың білім көрсеткіштерін нақты бағалау2023-2026Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нуримова С.М.
3Пән бойынша қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жетілдіруМониторинг арқылы оқушылардың  білім сапасындағы өзгерістерді анықтау2023-2026Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нуримова С.М..
4Пән мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұны негізінде сапалы білім беруді жетілдіруОқыту әдістерін жетілдіру 2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.  

ІІ. Әдістемелік қызмет

  • Критериалды бағалау технологиясын дамыту;
  • Тиімді менеджмент жүйесін құру; 
  • Мұғалім, оқушы  шығармашылық іс -әрекеттерін зерттеп , сараптау;
Атқарылатын жұмыстарМақсатыОрындалу мерзіміЖауапты
Білім жетілдіру курстары
1Мектеп педагогтарының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша даярлау арқылы  біліктіліктерін арттыруМұғалімнің кәсіби өсуі мен шығармашылық  белсенділіктерін арттыруға жағдай жасау2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.  
2Жас мамандардың біліктілігін арттыруЖас мамандардың мұғалімдік қызметіне тиімді ықпал ету2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.  
3Облыстық, қалалық, мектепішілік семинарларға жас мамандарды қатыстыру Оқыту әдістерін жетілдіру 2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.  
Кәсіби сайыстар    
1Кәсіби сайыстарға қатысуМұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.
2Мұғалімдердің өз пәндері бойынша қалалық кәсіби байқауларға қатысуыМұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.
3Мектепішілік мониторинг бойынша шығарламшыл ұстаздарды марапаттауМұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.
Жаңа технологияларды дамыту
1Білім сапасын жетілдіруде «Lesson Study» тәсілі арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізуБірлесткен зерттеуді іске асыратын топтар құру  2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.
2Пән мұғалімдерінің  жаңартылған білім мазмұны  негізінде алынатын БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының құрастырылуын жетілдіруБірлесткен зерттеуді іске асыратын топтар құру  2023-2026Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова А.С.

ІІІ. Тәрбие жұмысы

  • Мектеп  өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу.
  • Қосымша білім беруді дамыту
  • Оқушылардың өзін -өзі басқаруын дамыту
Атқарылатын жұмыстарМақсатыОрындалу мерзіміЖауапты
Талантты балаларды қолдау жүйесін дамыту
1Оқушыларды түрлі деңгейдегі конкустарға, іс- шараларға қатыстыруОқушыларға қолдау көрсету2023-2026Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбаева А.А.
2Мектептің жас талантты, өнерлі  оқушылардың қорын құруТалантты өнерпаздарды анықтау2023-2026Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбаева А.А.
3Қосымша білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жасауОқушыларға қолдау көрсету2023-2026Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбаева А.А.
Оқушылардың өзін -өзі  басқару жүйесін жетілдіру
1Мектептің жоғары сынып оқушыларынан құрылған «Тәртіп сақшылары командасы», «Сымбат» қыздар клубы жұмыстарын жетілдіруӨскелең ұрпаққа жоғары рухани -адамгершілік құндылықтар  негізінде тәрбиелеу2023-2026Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбаева А.А.
Әлеуметтік жұмыс жүйесін жетілдіру
1Оқушылардың Әлеуметтік картотекасының басазын жасауМектептің әлеуметтік ортасын құру2023-2026Әлеуметтік педагог Ибрашева Г.Б.
2Оқушыларды үнемі әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуОқушыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар2023-2026Әлеуметтік педагог Ибрашева Г.Б.
Ата -аналармен жұмыс жүйесін жетілдіру
1Ата -анамен бірлескен жұмыс бағытын жетілдіруАта-аналармен бірлескен жұмыс жүргізу2023-2026Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбаева А.А.
2.Ата -аналарға ақпарат көмек беретін іс -шаралар  ұйымдастыруАта-аналармен бірлескен жұмыс жүргізу2023-2026Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбаева А.А.
Психологиялық жұмыстардың жүргізілуі
 Оқушыларды үнемі психологиялық қолдау, кеңес беруОқушыларға қолдау көрсету2023-2026Мектеп психологі Здаева А.С.