НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен және «Білім туралы» ҚР Заңының 5-бабы 20-тармақшасына сәйкес реттеледі.
Мектеп формасы – бірыңғай стильде, іскерлік үлгіде, ұқыпты, денсаулыққа қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс.
Ер балалар:
Қою көк түсті жилет, пиджак, галстук;
Қою көк түсті шалбар
Ақ түсті жейде
Аяқ киімі – классикалық қара түсті.
Қыз балалар:
Жилет, юбка
Ақ түсті жейде
Аяқ киімі классикалық қара түсті
Дене шынықтыру сабағына
Ақ футболка
Қара трико
Спорттық аяқ киім (кроссовка)
Түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға рұқсат етілмейді.
Жарақаттайтын фурнитурасы бар киімдер мен аксессуарлар (мысалы, шынжырлар, үшкір металл заттар және т.б) киюге қатаң тыйым салынады.
Бұл талаптар – мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікті, бейтарап білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.