ХАБАРЛАНДЫРУ

«№49 Жалпы орта білім беретін мектебі » КММ – сінде педагогтерді  конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістері мен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды. Еңбек мөлшері еңбек өтіліне және біліктілік санатына қарай есептелінеді Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты мектептің «http://mektep49.edu.kz/» ресми сайтына, мектептің инстаграм «49zhobbm.official.»  парақшаларынан көруге болады.Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (29 тамыз сағ.12.00-ге дейін); Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды  электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту

туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген).

7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;

— Информатика пәні  бойынша 2 мұғалім (уақытша).