02.04.1981 жылы Қобда ауданы, Жиреңқопа ауылында дүниеге келген. Ақтөбе қаласының Қ.Жұбанов атындағы университетіндегі филология факультетін тамандап, қазақ мектептердегі орыс тілі мен әдебиетінен мұғалімі болып Қобда ауданында еңбек тәжірибесін бастаған. 2006-2018 жыл аралығында Ақтөбе қаласындағы №4 ЖББОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдың мамыр айынан бастап Ақтөбе қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп директоры болып тағайындалды.
Мектеп директоры ретінде санаулы уақыт ішінде мектептің жетістіктерге жетуіне тікелей басшылық жасады:
— 2019 жылы жалпы білім беретін орта мектеп оқушылардың арасында өткен ХХ облыстық спартакиадасының бағдарламасындағы футзал жарысын өткізуге ықпал жасағаны үшін «Алғыс хат»;
— 2019 жылы – Шәкірттердің білім нәрімен сусындатып, тәлім –тәрбие беру,адамгершілік рухта бағыт – бағдар ұстаздың еңбегі зор. Ақтөбе қаласы мәслихат хатшысынан «Алғыс хат»;
— 2019 жылы- Оқушылардың жетістігі үшін,ұстаздардың сенімін ақтап,үлгі болғаны үшін облыс әкімі О.Оразалинның «Алғыс хаты»;
— 2019 жылы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» «Алғыс хатымен» марапатталды
— 2020 жылы «Мәңгілік ел алыптары» Республикалық рухани- патриоттық байқауында қолдау білдіріп, оқушылардың үлес қосқаны үшін «Алғыс хат».
— 2021 жылы «Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хат.
— 2021 жылы «Жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындаған үшін» Диплом.
— 2022 жылы «Кітап фестивалі – 2022» шарасына белсене қатысып, жоғары кәсіби шығармашылық көзқарас танытып, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ерекше үлес қосқаны үшін» Ақтөбе облысының әкімінен Алғыс хат
— 2022 жылы «Қоғамдық тыныс-тіршілігін дамыту жолында өңірдегі әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысып, азаматтық белсенділік танытқаны үшін» Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысынан Алғыс хат
— 2022 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінен Алғыс хат